Батарея шынайы болмаса не істеу керек?
Егер сіз этикеткасында голограммасы бар Nokia аккумуляторының
шынайылығын растай алмасаңыз, аккумуляторды пайдаланбай-ақ қойыңыз. Оны
ең жақын орналасқан Nokia уәкілетті қызмет көрсету орталығына немесе
дилеріне апарып, көмек сұраңыз. Nokia мақұлдамаған аккумуляторды пайдалану
қауіпті болуы және құрылғыңыз бен оның қосымша аспаптарының жұмысының
нашарлауына және олардың зақымдануына әкеп соғуы мүмкін. Бұл сондай-ақ
құрылғыға қолданылатын қандай да бір рұқсатты немесе кепілдікті күшінен
айыруы мүмкін.
Түпнұсқа Nokia батареялары жөнінде қосымша мәлімет алу үшін, www.nokia.com/
battery торабына барыңыз.