Конфигурация
Телефоныңызда кейбір қызметтерге қажет параметрлерді орната аласыз. Бұл
параметрлерді сізге қызмет ұсынушы да жібере алады.
Мәзір > Параметрлер > Конфигурация және келесі параметрлерден таңдаңыз:
● Станд. конфиг. параметрлер — телефонда сақталған қызмет ұсынушыларды
көру және әдепкі қызмет ұсынушыны белгілеу
● Бар-қ қолдб. стд. парам. іске қос — қолдау көрсетілетін бағдарламалар үшін
әдепкі конфигурациялық параметрлерді қосу
● Ең тәуір ену нүктесі — сақталған қатынас нүктелерін көру
● Провайдер қолдауына қосылу — қызмет ұсынушыдан конфигурациялық
параметрлерді қотару
● Қурылғы менеджері бпт — телефонның бағдарламалық жасақтаманың жаңа
нұсқаларын алуына рұқсат ету немесе оған жол бермеу Телефоныңызға
байланысты бұл параметр қол жеткізгісіз болуы мүмкін.
● Жеке конфиг. параметрлер — түрлі қызметтер үшін жаңа жеке жазбаларды
қолмен қосу және оларды белсендіру немесе жою. Жаңа жеке жазбаны қосу
үшін Жаңа немесе Опц-р > Жаңасын қосу пәрменін таңдаңыз. Қызмет түрін
таңдап, қажетті параметрлерді енгізіңіз. Жеке жазбаны белсендіру үшін оған
барыңыз және Опц-р > Қосу пәрменін таңдаңыз.